«Білім жолы- жәннәт  жолы»

Семей қаласының «Қос мұнаралы» орталық мешітінде балдырғандарға арналған жаздық сауат ашу курсы өз жұмысын бастаған еді. Қасиетті Рамазан айының құрметіне және балалар күніне байланысты ҚМДБның «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен «Білім жолы-жәннәт жолы» тақырыбында балдырғандар арасында білім сайысын өткізді. Жарыс Семей қаласының өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлы кішкентай шәкірттерге арнаған сөзімен басталды. Сайыс барысында сұрақ жауап, логикалық тапсырма және «қажылыққа барамыз» атты жарыста қасиетті құран сүрелерін оқумен жарысты.  Артынан кішкентай бүлдіршіндерге дастарқан жайылды.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.