Зекет қоры құрылысшыларға ас берді

“Зекет” қорының ауқымды іс-шаралары қанатын кеңге жайып, Семей өңіріне қарасты көптеген елді мекендерде насихатталуда. Оған жетекшілік етіп жүрген  Тұрлықожанов Ерболат  қор жұмыстарын белсенді түрде атқарып отыр. Соның бір дәлелі ретінде Семей қаласында жаңа орталық мешітін салып жатқан құрылысшыларға  дастархан жайып, ас берді.  Дастархан басында  зекеттің мән-мағынасы мен қордың түпкі мақсаты түсіндірілді. “Зекет” қоры құрылғаннан бас тап жүйелі түрде осындай қайырымды істерді өз деңгейінде атқарып келеді. Жылдың қандай мезгілі болсын уақыт талғамайтын, қайырымдылықты қанат қылған аталмыш  қордың алда талай асулары тұр.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.