Бесқарағайда өткен Мәуліт мерекесі.

Семей өңірі Бесқарағай ауданында аудан имамы Серікжан Аманұлының ұйымдастыруымен аудан әкімдігінің қолдауымен Мәуліт мерекесі аудандық көлемде арнайы аталып өтті. Мерекені көруге рухани азық алуға келген мұсылман қауымы аудандық мәдениет үйіне көп жиналды. Игілігі мол бұл шараға аудан әкімі Даулет Бақытұлы, әкім орынбасарлары, аудандық маслихат  төрағасы,мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері, ауыл молдалары, және Семей өңірінің өкіл имамы Мақсат қажы Қуанышұлының арнайы қатысуымен өтті. Мереке Жыланды ауылдық мешітінің молдасы Ермекбаев Бауыржанның Құран оқып дұға қылуымен және аудандық мәдениет үйінің өнерпаздарының Мәуліт жырын қазақша айтуымен  басталды.  Алғашқы құттықтау сөз аудан әкімі Даулет Бақытұлына берілді.  Ол кісі жиналған қауымды Мәуліт мерекесімен құттықтап, осы мерекеге арнайы келген өкіл имамға рахметін айтып естелік сыйлық табыстады.. Келесі құттықтау сөз өкіл имам Мақсат қажы Қуанышұлына беріліп,ол кісі өз сөзінде : Құрметті Бесқарағайлықтар Мәуліт мерекесі мүбарак болсын! Ұлық мерекеде Аллаға мадақ, сүйікті Мұхаммед с.ғ.с Пайғамбарымызға салауат айту сауапты амал. Құранда да Алла Тағала шынында мейірімді Алла  және оның періштелері  Пайғамбарға  салауат айтады. Ей, мүминдер, сендерде Пайғамбарға салауат айтып, сәлем жолдаңдар деп бұйырады және Пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с хадисінде: Кімде кім маған бір салауат айтса, Алла Тағала оған он салауат айтады. Он қателігін сызып, он есе дәрежесін жоғарлатады деген тағылымы терең уағыз насихатын айтып, мерекенің жоғары деңгейде өтуіне үлкен қолдау көрсеткен аудан әкіміне ризашылығын білдіріп  Қмдб-ның төрағасы бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазіреттің Ұлы Дала төсіндегі Ислам атты кітабын сыйға  тартты.  Мерекенің мазмұнын байытып мәнін аша түскен. Бесқарағай  өнерпаздарының айтқан рухани әндері, дін насихатындағы ғибратты оқиғаларды сахналық көрініс арқылы бейнелеуі  «Бақыт деген не?»  «Мейірімді қыз» көрермен көңіліне ой салып, көздеріне жас келтіріп ерекше әсерге бөледі.Кеш соңында осы мерекенің тікелей ұйымдастырушысы: Бесқарағай ауданының имамы Серікжан Аманұлы жиналған қауымды Мәуліт мерекесімен құттықтап, бұл мерекені жоғары деңгейде өткізуге қолдау көрсеткен аудан басшылығына, ауыл молдаларына, рахмет айтып аудандық өнерпаздарды алғыс хатпен марапаттады. Мерекенің соңы Томирис асханасындағы аспен жалғасты.

Бесқарағай орталық мешітінің баспасөз қызметі.