Қасиетті Меккеде жылдағы қажылыққа дайындық барынша қарқынды жүріп жатыр. Осы шара аясында Қағба жамылғысы 3 метрге көтеріліп әрі төменгі жағы ақ мақталы матамен көмкерілген.
Бұл қажылық кезінде миллиондаған қажылар айналып өту кезінде жамылғыны қорғау әрі оның тазалығын сақтау үшін жыл сайын жасалатын рәсім.
Жергілікті биліктің айтуынша, кейбір адамдар тіпті Қағба жамылғысынан кесіп алып, бойтұмар ретінде ұстайды екен, алайда бұлай жасау жарамайтын қылық.
Қажылық аяқталған кезде жамылғы бәз қалпына келетін көрінеді.
[youtube height=”400″ width=”590″]https://www.youtube.com/watch?v=8iV1pGQ2dfU[/youtube]