ҚМДБ баспасөз қызметі www.muftyat.kz
Бүгін Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың төрағалығымен киелі Түркістан шаһарында Ғұламалар Кеңесінің кезекті мәжілісі басталды.
Кеңес отырысының жұмыс жоспарына сәйкес, «Медицина саласындағы генетикалық емдеу мәселесі», «Өңделген құбыр суларын қайта қолдану мәселесі», «Зекетті заттай беру мәселесі», «Ғидда мерзімінде неке қию мәселесі», «Құрсақтағы баланың жынысын таңдау» тақырыптарында пәтуа қабылданады.
«Пәтуа шығару – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының негізгі жұмыс бағыттарының бірі. Халықтан келген әрбір сұраққа Ғұламалар Кеңесі тыңғылықты, тиянақты жауап беруі тиіс. Әрбір пәтуа шариғат шеңберінде, дәстүрлі дін аясында, қоғамның жағдайына сәйкес қабылдануы тиіс. Кеңес мүшелері пәтуаларды бекіту барысында осы мәселелерді басты назарға алуы керек», – деп атап өтті Бас мүфти Серікбай қажы Ораз.
Ғұламалар Кеңесінің шешімімен қабылданған пәтуалардың толық мәтіні мүфтияттың ресми сайттарында (www.muftyat.kz, www.fatua.kz, т.б.) жарияланады.