KAZISLAM – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы әлеуметтік желілер арқылы жарияланған елімізде уағыз-насихат айтуына рұқсат етілген дін мамандарының тізімі діни басқарма тарапынан жасалмағанын мәлімдеді. Айта кетсек, тізімде ҚМДБ-ға қарасты имамдар мен ғалымдардан бөлек діни білімі жоқ тілшілер мен қоғам қайраткерлерінің де есімдері жазылған. Тіпті, діни білімді қайдан алғаны белгісіз адамдардың да аты-жөні көрсетілген. Интернетте таралған тізімнің «ҚМДБ Муфтият ұстаздар тізімі! ҚАЗАҚСТАНДА УАҒЫЗДАРЫН ТЫҢДАУҒА РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН (КМДБ)ның АХЛИ СУННА ҰСТАЗДАРЫ», (мәтін сол қалпында берілді) деген жазбасы қоса берілген. «Бұл жазбаны Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ішкі жұмыстарынан хабары жоқ адамның жазғаны байқалады. Діни басқарманың ресми рұқсатынсыз жазылған ақпараттық тізім жамағат арасында түсінбеушілік тудыруы мүмкін. Осы ретте, уағызшылар тізімін жазған тұлғаның бұл әрекеті мұсылмандық әдепке жат екенін жеткіземіз. ҚМДБ мамандары бұл сұрақ төңірегінде кез-келген азаматтың сауалына жауап береді. ҚМДБ ел азаматтарынан мүфтиятқа қатысты ақпарат таратпауды талап етеді» делінген мүфтият мәлімдемесінде.
Толығырақ: http://kazislam.kz/basty/item/14408-m-ftiyat-malimdeme-zhasady
Материалды көшіріп басу үшін Kazislam.kz сайтына сілтеме көрсету талап етіледі.