Сауд Арабияға жарты миллионға жуық қажылар келді

Сауд Арабия қажылықтың жаңа мерзімі қарсаңында қажыларды қабылдай бастады.
Al Arabiya телеарнасының хабарлауынша, Сауд Арабияның әуе және жер үстіндегі порттары сәрсенбі күні бойынша үстіміздегі жылғы қажылықты өтеуге келген 447 300 қажыларды қабылдапты.
Корольдіктің төлқұжат тексеру басқармасының деректері бойынша – 445 390 қажылық борышын өтеушілер әуе транспортымен келсе, ал 1912 қажылар – жер үстіндегі шекаралар бекеттері арқылы өткен екен.
Бұл көрсеткіш мұсылман күнтізбегі бойынша өткен жылғы дәл осы күнге келіп жеткен қажылардың санынан 13% артық.
Осы жылы қажылық 30-шы тамыз сәрсенбі күнінен басталып, 4-ші қыркүйек дүйсенбі күніне дейін болады деп күтілуде.
Қажылық – Исламдағы бес парыздың бірі. Әрбір мүмкіндігі бар мұсылманның тым болмаса өмірінде бір рет Меккеге барып қажылық парызын өтеуі тиіс.

 muftyat.kz