Аягөз қаласындағы гимназияда 9 класс оқушыларымен «Рухани жаңғырудың бір сипаты – діни сеніммен ұлттық сананың беріктігі» атты тақырыпта кездесу өтті. Кездесуге Аягөз қалалық мешітінің наиб имамы Дәулет Қинаятұлы, жастар орталығының директоры, депутат Саят Ибраев, гимназия инспекторы Айдана ханым қатысты. Гимназия мұғалімі Елбасының «Рухани жаңғыру» атты мақаласына сай баяндама жасап, қатысушы қонақтар қазіргі қоғамдағы интернет желісі, дініміздегі тәрбиенің орыны, жастардың ел болашағы екендігі жайлы насихаттар айтылып, алдағы уақыттада осындай бас қосулардың өткізіліп тұруын тілге тиек етті.
Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.