«Халифа Алтай» мешітінің алаңына күрделі жөндеу жасалуда (ФОТО)

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің кіре берісі мен баспалдақтарына, сыртқы алаңдарына күрделі жөндеу жасалып жатыр. Жауын мен қар суынан тоза бастаған баспалдақтарды жаңартып,  су ағатын құбырлары қайтадан қойылуда.

«Мешіттің алдыңғы баспалдақ бөлігі тозып, қар мен жаңбыр суының салдарынан астынғы қабатындағы көлік тұрағының үстінен су ағып, келушілерге қолайсыздықтар туғызып келген болатын. Осы келеңсіздіктерді арылту мақсатында мешітте 1 айдан бері күрделі жөндеу жұмыстары жүріліп жатыр. Жұмыс сапасы жіті бақылануда» деп атап өтті, осы мешіттің жөндеу жұмыстарын бақылаушы қызметкері.

Мердігер суық түспей жөндеу шаралары толық аяталады деп жоспарланып отыр.


Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі