Мүгедек жандарға мейрімділік танытайық!

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қайырымдылық жасау туралы тапсырмасына орай, Семей аймағының өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлы бастаған мешіт ұжымы «Мүгедек жандарға мейірімділік танытайық» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

Семей аймағы бойынша қала, аудан, ауылдар тарапынан қайырымдылық шаралары тұрақты жасалып келеді. Оларды қолдау, қолдан келгенше көмек жасау, ардақты пайғамбарымыздың  (с.ғ.с) өз үмбеттеріне хадистері арқылы аманаттап кеткен болатын. Мүгедек жандарға қарайласу зор сауапты іс. Мұндай шаралар алдағы уақытта да тұрақты жүргізіледі» дейді, шараны ұйымдастырушылар. Сонымен қатар, үйде арбаға таңылған жандар да мешіт назарынан тыс қалмады. Мешіт қызметкерлері олардың да үйлеріне барып, қайырымдылық жасап, азық-түлік таратты. Бұл бағыттағы қайырымдылық жұмыстар әрі қарай жалғаса бермек.

Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.