Семей қалалық Көпсалалы колледжінде «Исламтану» курсында оқитын студенттермен кездесу болып өтті. Кезедесу «Рухани келісім» күніне арналды.
Аталмыш іс шараға ҚМДБ – ның Семей өңірі бойынша өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлы қатысып, өзінің көкейінде жүрген ойларын ортаға салды. Ол Ислам дінінің құндылықтары, халықтар арасындағы татулық пен бірлік жөнінде өз көзқарасын білдірді.
Жиын соңында өкіл имам студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Қазақ елінде «Рухани келісім» күні соңғы жылдары кеңінен аталып жүр. Оның халқымызды ұйыстыруға, ынтымағымызды нығайтуға қосып жатқан үлесі де аз емес.
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.