ҚАЗАҚСТАН МЕН ИОРДАНИЯ ТЕРРОРИЗМ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСПЕН КҮРЕС САЛАСЫНДА КЕЛIСIМ БЕКIТТI

Бүгiн Ақордада Қазақстан мен Иордания тараптары қылмысқа қарсы күрес саласындағы ынтымақтастық туралы бiрқатар келiсiмге қол қойды, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi. Бүгiн қос мемлекет арасында «Қазақстан Республикасы мен Иордан Хашимит Корольдiгi арасында Адамдарды ұстап беру туралы келiсiм», «Қазақстан Республикасы мен Иордания Корольдiгi арасында Сотталған адамдарды беру туралы келiсiм», «Қазақстан Республикасы мен Иордания Корольдiгi арасында Қылмыстық iстер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келiсiм», «ҚР Үкiметi мен Иордания Үкiметi арасында Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайларлың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм», «Қазақстан Үкiметi мен Иордания Үкiметi арасында терроризмге, ұйымдасқан қылмысқа, есiрткi құралдарының, олардың прекурсорларының заңсыз айналымына және қылмыстың өзге де түрлерiне қарсы күрес саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм» сияқты бiрқатар екiжақты кұжаттарға қол қойылды. Атап өтсек, бүгiн Иордания королi Абдалла II Қазақстанға ресми сапармен келдi. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Иордания королiн Ақордада қабылдап, оған ядролық қаруға қарсы күрескенi үшiн арнайы сыйлық табыстады.

Толығырақ: http://kazislam.kz/songy-janalyktar/item/15455-kazakstan-men-iordaniya-terrorizm-zhane-jymdaskan-kylmyspen-k-res-salasynda-kelisim-bekitti
Материалды көшіріп басу үшін Kazislam.kz сайтына сілтеме көрсету талап етіледі.