Су тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға Бас муфти ас берді

Аягөз қаласында ҚМДБ – ның төрағасы, Бас муфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазірет су тасқынынан зардап шеккендерге ақ дастархан жайды.

Семей аймағы бойынша өкіл имам Мақсат қажы Қуанышбекұлы муфти хазіреттің Аягөз халқына ыстық сәлемін жеткізді. Күні кеше бастарынан қиын күнді өткізген көпшілік, көңілдері бір серпіліп, еліміздің бас муфтиі Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазіретке алғыстарын айтып, ризалықтарын білдірді.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі