Семей Қос мұнаралы орталық мешітте «Жаназа және жерлеу рәсімдері» атты қала, аудан имамдарына семинар өтті.
Семинарға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының іс басқарушы Ербосын Орын және Мешіт істері бөлімнің меңгерушісі Жәнділлә Бекжігітов қатысты. ҚМДБ өкілдері шара барысында қала, аудан имамдарына жаназа мен жерлеу рәсімдерінде сақталуы тиіс шарттар мен тәртібін түсіндірді. Ысырапшылық пен дәстүрге сай емес жағдайларға жол бермеуге шақырды.
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.