Өкіл имам қала, аудан имамдарымен жиын өткізді. (фото)

ҚМДБ-ның Семей аймағы бойынша өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлы  қала, аудан имамдарымен жиналыс өткізді.

Бұл бас қосуда  қала және аудан имамдарының әрқайсысының атқарған жұмыстары, берілген тапсырмалардың орындалуы туралы есебі, орталық мешітке беріп жатқан ақпарлары, алдағы қысқа мерзімде атқаратын көрнекті іс-шаралары туралы нақтылы жүзеге асатын жоспарлары тыңдалып, қосымша сұрақтар қойылып, тиісті деңгейде жұмыс жүргізілмей жатқан мешіт имамдарына ескертулер жасалды. Ал, қайырымдылық шаралары мен АНТ жұмысы бойынша атқарылған жұмыстарға жекелей баға берілді. Сонымен қатар, өкіл имам діни басылымдардарға жазылу жайы  да сөз болды.

ҚМДБ-ның төрағасы Бас мүфти Ержан Қажы Малғажыұлы хазіреттің тапсырмасы бойынша, әр имамға арнайы тапсырмалар мен міндеттемелер жүктелді. Өкіл имам алда атқарылатын бірталай шаруалардың тізімін айта келе қайырымдылық шараларына жиі шығу керектігін, уағыз-насихат жұмыстарын көптеп өткізуді және айлық есепті уақытылы жіберу сынды негізгі міндеттемелерді айтып өтті.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.