Адамдар біреуді мінеп-сынағанды өте жақсы көреді, бірақ, өкінішке орай, өздеріне есеп бере бермейді.
Бұл жайлы Қасиетті Құранда мынанадай аяттар бар:
Ілім иелері бұл аяттарды біз Алла Тағаланың бақылауындамыз әрі әрбір сәт үшін есеп береміз дегенге дәлел ретінде келтірген.
Ғалымдарымыз адамдарды бұл қауіптен құтқаратын нәрсе – үнемі өзін-өзі есепке тартып, әрбір қадамын бақылап отыру екендігіне көз жеткізген. Өйткені өзіне-өзі есеп беріп жүретін адам Қиямет күніндегі есепке әзір жүреді әрі үнемі сол ойда жүргендіктен, жасаған әрбір амалы берекелі әрі нәтижелі болмақ.
Өзінен-өзі есеп алуға немқұрайлылық танытар болсақ, кейбір істер кейінге шегеріліп, тәубенің де ауылы алыста қалып қоюы ықтимал. Ондай жанның Қияметтегі халі қиындап, бұл жалғанда да досқа күлкі, дұшпанға таба болып қалмақ.
Олай болса, Аллаға және Қиямет күніне иман келтірген әрбір ақыл иесі өз жанынан есеп алуды ескеруі тиіс, өйткені, ақиқатында, өмірдің әрбір сәті баға жетпес құндылық әрі оның орны толмайды және осы құндылық шексіз рахатқа батыратын қазыналардың біріне қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Осы құнды сәттерді босқа өткізу немесе оны құр өткізу опат болуға әкеліп соғатын болса, онда бұл ақыл иелері үшін орны толмас өкініш болмақ!
Әбу Бәкір (ол кісіге Алла разы болсын) өзінің халифалығы кезінде Омар ибн Әл-Хаттабты (ол кісіге Алла разы болсын) қазы етіп тағайындап, мемлекет ішінде туындап отыратын қиындықтар мен мәселелерді қарастырып отыру үшін оның үнемі мешітте болуын өтінген екен.
Бір жылдай уақыт өткен соң Омар Әбу Бәкірдің (ол кісілерге Алла разы болсын) алдына келіп:
Бір жыл бойы мұсылмандар арасында соттың көмегін қажет ететін бір мәселенің туындамағаны- таңғаларлық жайт! Адамдар олардың құқығын қорғайтын, келіспеушілікті шешіп беретін әрі жаза беретін қазыны қажет етпеген.
Неліктен?
Себебі, бәрі өз өмірлеріне дін негізінен байыптап қараған және әрқайсысының өзіндік рухани «қазысы» болған. Олардың санасы мен жаны қасиетті Құран мен пайғамбарлық өсиеттермен нұрланған еді.
Алланың құлы таң намазын оқу үшін ұйқысынан тұрғанда жүрегі мен жаны былай деп келісімге келгені жөн:
«Бұл дүниедегі сауда мен одан түсер пайданың ешбір құны жоқ. Ал менің өмірімнен басқа тауарым жоқ, егер оған зиян келер болса, капиталым да құриды. Алла Тағала менің өмірімді ұзартты, дәм-тұзымның бітетін уақытын кейінге қалдырып, бүгін таңды атырдым. Алла мені тағы да жарылқады. Егер жанымды бүгін алар болса, әрине, Одан бір күнге болса да мені бұл дүниеге қайтар деп сұрар едім әрі осы күнімді игі амалдар жасауға арнаушы едім!
Ендеше, сен өліп, қайтадан қайтарылдың деп есепте де, дәл осы сәтіңді текке өткізуші болма. Асылында, әрбір сәтіміз өте қымбат, олай болса, жалқаулыққа салынып, бейқам отырма. Әйтпесе, өзгелер көтерілген жұмақтың биік дәрежесіне жете алмай, шарасыз қаласың. Есіңде болсын, жамандық жасаған адамның зұлымдығы кешірілсе де, ол осы уақытта игі амал жасаушының алатын сыйынан құр алақан қалады».
Уақытты тиімді пайдалану керек деген талапты кез келген адам ең алдымен өзіне қоюы керек, содан кейін ғана барып көз, құлақ, тіл, қарын, жыныс мүшелері, қол және аяқ сынды жеті мүшемен жасалатын күнәлардан тыйылуды жанынан, яғни нәпсісінен талап етеді.
Қасиетті Құранда Алла Тағала былай деген:
Омардың (ол кісіге Алла разы болсын): «Сенен сұрамас бұрын, өзіңнен сұра!», – деген кеңесін жадымыздан шығармайық.
Күн сайын, кеште әрбір адам күні бойы не жасап, не жасамағанын саралап, ой елегінен өткізуі керек. Ол адам үшін өз-өзінен есеп алып отыруға арнайы уақыт бөлуі керек. Әрі бұл есебін жыл, ай немесе күн соңында мол табысқа кенелгісі келетін саудагер секілді жасауы қажет.
Мәңгілік ғұмырда бақытты я бақытсыз болуы адам баласының өз-өзінен есеп алуына тәуелді болатын болса, Алла Тағала алдында есепке тартылмас бұрын, өзінен өзі неге есеп алмасқа?
Мәңгілік ғұмырда жетістікке жеткендердің қатарында болуымыз үшін, Жаратушы Хақ тағала мына фәни дүниеде өз-өзімізден есеп алуымызға жәрдем берсін!!!