Қу дүниенің соңынан кетіп сан соққан пенде жайлы Құран Кәрімде:
وَذَرِ الَّذِينَ اتَّخَذُوا دِينَهُمْ لَعِبًا وَلَهْوًا وَغَرَّتْهُمُ الْحَيَاةُ الدُّنْيَا وَذَكِّرْ بِهِ أَنْ تُبْسَلَ نَفْسٌ بِمَا كَسَبَتْ لَيْسَ لَهَا مِنْ دُونِ اللَّهِ وَلِيٌّ وَلَا شَفِيعٌ وَإِنْ تَعْدِلْ كُلَّ عَدْلٍ لَا يُؤْخَذْ مِنْهَا أُولَئِكَ الَّذِينَ أُبْسِلُوا بِمَا كَسَبُوا لَهُمْ شَرَابٌ مِنْ حَمِيمٍ وَعَذَابٌ أَلِيمٌ بِمَا كَانُوا يَكْفُرُونَ
Әсілі, дүниені қазақ – жалған дүние, қу дүние деп атауының себебі де осында. Алайда, «дүние ақырет егістігі» екенін де ұмытпау қажет. Дүниені жалған және қу десек, дүниенің артынан кетуді сынағанымыз. Өйткені, дүние сөзінің өзі төменгі қабат деген мағынаны білдіреді. Ол дегеніңіз жоғарғы қабатқа әзірлік ететін орын. Сондықтан дүние нағыз мұсылман үшін ақырет сапарына алып шығар серігі, мықты тұлпары. Ал, дүниеқоңыз үшін шабаған ат болмақ. Әнас (р.а.) жеткізген риуаятта:
لَيْسَ بِخَيْرِكُمْ مَنْ تَرَكَ دُنْيَاهُ لِآخِرَتِهِ، وَلا آخِرَتَهُ لِدُنْيَاهُ حَتَّى يُصِيبَ مِنْهُمَا جَمِيعًا، فَإِنَّ الدُّنْيَا بَلاغٌ إِلَى الْآخِرَةِ
Демек, мал-дүние керек. Исламның бес парызының екеуі – зекет пен қажылық адамның бай болуымен жүзеге асады. Айтпағым, мал-дүниені басты мақсат емес, құрал деп біліңіз. Әрі, соған жараса әрекет етіңіз. Сахаба Әли (р.а.): «Ақылды адам зер салып қарасын, Алла Тағала Мұхаммедтен (с.ғ.с.) дүниені бұрып алып кетумен қадірлі етуде ме, әлде қорлауда ма? Егер қорлады деп айтса, өтірік айтқаны. Ал, егер де қор етті десе, дүние берілгендерді қор еткені болмақ», – деген сөзі қу дүние мен дүние игілігі жайлы ойды толықтырады.
Мәселен, Абдурахман бин Ауф және Осман бин Аффан (р.а.) сынды сахабалар өте бай-дәулетті болған. Ақыретте бай-дәулетті адамның берер есеп-қисабы оңай болмайды. Міне, соны ескеріп Айша (р.а.) анамыз:
وَرُوِيَ عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللهُ عَنْهَا قَالَتْ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْه وَسَلَّمَ يَقُولُ: قَدْ رَأَيْتُ عَبْدَ الرَّحْمَنَ بْنَ عَوْفٍ يَدْخُلُ الْجَنَّةَ حَبْواً، فَبَلَغَ ذَلكَ عَبْدَ الرَّحْمَنَ فَقَالَ: لَئِنْ اِسْتَطَعْتُ لَأَدْخُلَهَا قَائِماً إِنْ شَاءَ اللهُ وَمَا عَلَيَّ إِنْ تَصَدَّقْتُ مئةً فِي الصَّبَاحِ، فَيُؤْتِينِي اللهُ أَلْفاً فِي المَسَاءِ
قَالَ عَبْدُ الرَّحْمَنِ بْنُ عَوْفٍ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ: يَا حَبَّذَا الْمَالُ أَصُونُ بِهِ عَرَضِي وَأُرْضِي بِهِ رَبّي
Мұсылман мәртебесі Жаратушының құзырында ізгі амалымен көтеріледі. Адам бар ықыласымен тер төгіп еңбек етіп жатса, сөйлеген сөзі жақсы, жұмысы нақты болса, ол Құдайдың сүйген құлы болмақ. Имандылық өмірден оқшаулану, тауда өмір сүру деген ұғым емес. Еңбек ету – имандылық. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) дәуірінде жұрт еңбек етіп жүрген кезде күндіз мешітте отырған бір кісіден Алла елшісі (с.ғ.с.) былай деп сұрайды:
مَنْ يُنْفِقُ عَلَيْكَ؟ فَقَالَ: أَخِي فَقَالَ لَهُ النَّبِيُّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: أَخُوكَ خَيْرٌ مِنْكَ
Сондықтан, еңбек етуге және жұмысыңызды жоғары деңгейде жасауға талпыныңыз. Кәсібіңізге атүсті қарамаңыз. Жұмысыңыздың сапасын жақсартуға бар ықыласыңызды салыңыз. Жұрт сіздің қызметіңізді пайдалансын. Халифа Омар (р.а.) алдында басын салбыратып кетіп бара жатқан адамды көріп қамшысымен иегінен көтеріп: «Біздің дінді өлтірме. Көтер басыңды», – деген екен. Адам жұмысын жақсы істейтін болса, бойында сенімділік пайда болып, мерейі үстем келеді. Ал, жұмысына тиянақсыз кісі әруақытта еңсесі түсіп, өзін қор сезінеді. Адамның кәсібі бұл дүниеде отбасын асырау құралы болумен қатар ақыретте жәннатқа кіруіне себеп те болады. Мәселен, сауда-саттық жайлы хадисте адал саудагердің қияметте пайғамбарлар және сыддықтар жанында болатындығы айтылады. Өйткені, ол сауда жасау барысында тауарының бағасын көтермейді, кем-кетігін жасырып, жұртты алдамайды, саудасы жүру үшін жалған сөйлемейді. Кезінде жат жерлерге сауда-саттықпен барған мұсылмандардың жүріс-тұрысынан көптеген адамдар мұсылманшылықты қабыл еткен.
Құран Кәрімде көбіне-көп Аллаға иман ету мен ақыретке иман қатар айтылады. Аллаға иман адамды құлшылыққа жетелейді. Ал, ақыретке иман ету – тірі жанға зиян тигізбеуді үйретеді. Міне, сондықтан ақыретке иманы дұрыс болмағанның Аллаға құлшылығы да дұрыс болмайды. Құран Кәрімде:
وَإِنَّ الَّذِينَ لَا يُؤْمِنُونَ بِالْآَخِرَةِ عَنِ الصِّرَاطِ لَنَاكِبُونَ
Ақырет өмірі мәңгі. Ақыретте ауру, кедейлік, мұқтаждық, кемшілік пен кемістік атымен жоқ. Ол жақта қайырымсыз перзент, әдепсіз әйел, қатыгез күйеу деген жоқ. Құран Кәрімдегі:
لَهُمْ مَا يَشَاءُونَ فِيهَا وَلَدَيْنَا مَزِيدٌ
«Пейіште олар не тілесе бар...[5]» аяты соның бір дәлелі. Бұл Құдай Тағаланың уәдесі. Ол жақтағы әрбір күн кешегі күннен бақыттырақ. Алайда, мұндай таусылмайтын және мінсіз бақытты өмірдің бағасы мынау дүниеде өтелуі керек. Міне, осының барлығына иман еткен адам мақсатына жәрдемші болатын әйелді өмірлік жұбайы етіп шаңырақ көтереді. Кәсібін де мақсатына сай таңдайды. Мұратына жету үшін денсаулығына да көңіл бөледі. Бала-шағасын да осы мақсатта тәрбиелейді.
Адам баласы Нұх пайғамбардай мың жылдам астам уақыт ұзақ өмір сүрсе де, мал-дүниесінің қисабы жоқ Қарұн сияқты бай болса да, дүние мен ондағы барлық нығметтің ләззаты ақтық деммен бірге таусылады.
لَوْ كَانَتْ الدُّنْيَا تَعْدِلُ عِنْدَ اللَّهِ جَنَاحَ بَعُوضَةٍ مَا سَقَى كَافِرًا مِنْهَا شَرْبَةَ مَاء
«Егер де дүние Алла Тағала құзырында масаның қанатындай қадірі болса дінсізге жұтым суды да бермеген болар еді[6]», – деген риуаят Қарұн сияқты дәулетін сауап іске жұмсамай дүниені тезек қоңызы сияқты жинай беретін дүниеқоңыздарға қатысты айтылған. Әли бин Әбу Толиб (р.а.) айтқандай:
قَالَ عَلِيٌّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: فَاعِلُ اَلْخَيْرِ خَيْرٌ مِنْهُ وَ فَاعِلُ اَلشَّرِّ شَرٌّ مِنْهُ
«Жақсылықты істеуші жақсылықтың өзінен жақсы, жамандықты істеуші жамандықтың өзінен жаман». Алайда, адам ақыретте өмір барына иман етіп, ақыретте жәннат пен тозақтың екеуінің біріне баратынына иман етіп өмір сүрсе, оның дүниедегі әрбір сөзі мен ісі ақыретке сай бола бастайды.
Дүние – ақырет егістігі. Алла Тағаланы дұрыс таныған адам үшін дүниенің өзі жәннат. Неге дейсіз ғой?! Өйткені, бұл дүниеде дұрыс жүрумен жәннат қақпасын ашатын кілтті табасыз. Ал, ол кілт – құлшылық, бойұсыну, садақа-зекет беру, бала-шағаны тәрбиелеумен болады. Сонымен бірге, кедей-кепшікке көмек беру, мұқтаждарға жәрдемдесумен. Олай болса, Алла Тағала ризашылығына алып баратын жол көп.
Демек, дүние – мұрат емес. Дүние – ақыретте жемісін жинап алатын егістік алқабы. Жер қаншалықты құнарлы болса да, еккен дәнді бар ықыласпен маңдай терді төгіп тұрып еңбек етпесе, жақсы егін орып алу мүмкін емес. Абдулла бин Масғұд (р.а.) риуаят еткен:
لَا حَسَدَ إِلَّا عَلَى اثْنَتَيْنِ رَجُلٌ آتَاهُ اللَّهُ الْكِتَابَ وَقَامَ بِهِ آنَاءَ اللَّيْلِ وَرَجُلٌ أَعْطَاهُ اللَّهُ مَالًا فَهُوَ يَتَصَدَّقُ بِهِ آنَاءَ اللَّيْلِ وَالنَّهَارِ
Атақты имам Әбу Ханифа өмірін Ислам іліміне арнаған ғалым болумен қатар ауқымды сауда кәсібі бар дәулетті кісі болды. Ол жыл сайын табысының белгілі мөлшеріне білім жолындағы ғалымдар мен хадисшілерге азық-түлік, киім-кешек және басқа да қажетті заттарын сатып алып, қалған динарларды таратып беріп: «Керек-жарақтарыңызға жұмсаңыздар. Аллаға ғана алғыс білдіріңіздер. Ал, мен Алла Тағаланың маған берген кеңшілігінен сіздерге берудемін», – дейді екен.
Абдулла бин Омар (р.а.):
اِعْمَلْ لِدُنْيَاكَ كَأَنَّكَ تَعِيشُ أبَداً، وَاعْمَلْ لِآخِرَتِكَ كَأَنَّكَ تَمُوتُ غَداً
Адамның иманы оны жаратылу мақсатына жетелейді. Басқаша айтқанда, не үшін жаратылдық деген сұрақтың жауабы жүрегіндегі иманда жатыр. Адам дүниеге келуінің мұратын ұмытса, мал-дүние – барлық нәрсенің негізі деген тұжырымға келеді. Сондықтан, мал-дүниеге қол жеткізу үшін өзін де, басқаны да аямайды. Осылайша, әрбір бастауы бар құбылыстың соңы бар, аяқталар шағы болатынын ұмытып кетеді. Амр бин Ас (р.а.):
نِعْمَ الْمَالُ الصَّالِحُ لِلرَّجُلِ الصَّالِحِ
«Жақсы адамның қолындағы жақсы мал-дүние неткен тамаша», – деп қу дүниені сауапқа айналдыру жолын нұсқаған.
Сонымен бірге, Әли бин Әбу Талиб (р.а.): «Дүние теріс айналып кетіп барады, ал ақырет бет алып жүріп келеді. Бұл екеуінің өз перзенттері бар. Сендер, ақырет перзенттері болыңдар. Дүние перзенттері болмаңдар. Анығында, бүгін амал-әрекет бар, бірақ есеп-қисап жоқ. Ал, ертең есеп-қисап бар, бірақ амал болмайды. «…Және азық алыңдар. Негізінде азықтың жақсысы тақуалық…[8]», – деп екі дүниені тең ұстай білу керектігін ескерткен екен. Сол себепті, Алла Тағала екі дүниені тең ұстай білетін, өмірін игілікті істерге арнайтын және айналасына жақсылық шуағын шашатын пенделерден еткей деп тілейміз. Әмин!
Төлеби ОСПАН
ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы
бойынша өкіл имамы