Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Түркістан қаласында «Ислам және ұлы дала өркениеті» тақырып аясында республикалық конференция басталды.
Түркістан төріндегі алқалы жиын қасиетті Құран аятымен ашылды.
Конференцияға Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Əліпбек Өсербаев, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз, облыстық мəслихат депутаты Əбілқасым Досболов, Мəдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры Айдар Əбуов, тарих ғылымдарының докторы Болат Көмеков, Ясауи ғылыми зерттеу орталығының директоры Досай Кенжетай, ҚМДБ Ғұламалар Кеңесінің мүшелері, өкіл имамдар, теолог-ғалымдар, дін қызметкерлері қатысуда.
Əліпбек Өсербаев облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың құттықтау сөзін жеткізсе, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз қазақ халқының дəстүрімен сабақтас орта азиялық діни мектептің рөлін арттыру мәселесін сөз етті.