РАНТ мүшесі Семейде

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасымен Павлодар облыстық Екібастұз қаласының бас имамы РАНТ мүшесі, теолог Отарбаев Бауыржан Семей қаласына ат басын тіреді.

Алғашқы күні уағыз-насихат жұмысын Қос мұнаралы орталық мешітінде ертесінде Бір мұнаралы Тас мешітінде болды Семей аймағының өкіл имамы Алтыбай Мақсат  келген жамағатқа Павлодар облыстық Екібастұз қаласының бас имамы РАНТ мүшесі, теолог Отарбаев Бауыржанды таныстырып өтті. Кездесуде теолог Бауыржан Отарбаев  «Көркем мінез» және Жаназа да жерлеу  жайында уағыз айтып, жиылған қауым ұйып тыңдап, мешіт іші жамағатқа лық толы болды. Құраннан, аяттан, сахих хадистерден дәлел келтіріп, кеңінен тақырыпты ашып түсіндірді. Жамағатты бірлікке, ынтымаққа шақырды.

Кездесу соңында жамағат тарапынан сұрақтар қойылып, тұшымды жауаптар алды.

Семей орталық мешітінің баспасөз қызметі