Мұқтаж жандарға арналған – ескі киімдерді қабылдау пункті.
Аягөз қаласының мешітіне кәсіпкер Мұрат Төлегенұлының демеушілігімен мұқтаж жандарға арналған «ескі киімдерді қабылдау пункті» – орнатылды. Сонымен қатар осындай жәшіктер «Жаңауыл» мешітіне және «Бәйтерек» сауда үйінеде қойылды. Қалаған жан көмек қолын созам десе, артылған аяқ киімдермен бірге таза киім – кешектерді жәшікке салып кетсе болады. Жауапты адамдар салынған киімдерді сұрыптап, мұқтаждарға үлестіретін болады.
Ақида сабағы жүргізілуде.
Аягөз қалалық мешітінде құптан намазы алдында бас имам Думан Нәдірұлы жамағатқа ақида пәнінен дәріс жүргізуде. Күнделікті дәріс алдында алдыңғы өткен сабақ қайталанып сұралып, келесі дәріс өткізіп тұрады.
Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.