АБАЙ ОБЛЫСЫНДА ҚАЗАҚЫ ДӘСТҮР ДӘРІПТЕЛГЕН ЕРЕКШЕ КЕШ ӨТТІ

“Ислам және дәстүр құндылығы” жылы аясында Абай облыстық орталық мешітінің ұйымдастыруымен қала тұрғындарына арналған ерекше форматтағы рухани кеш өтті. Қонақтар мейрамхана есігінен кіре сала қазақы дәстүріміздің иісі аңқып, өнер майталмандары ұлттық асаптардан төгілген керемет әуенді күй-сазбен қарсы алды.

Игі шараға Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатұлы, Абай облысы мәсслихаты депутаттары, Қоғамдық даму басқармасы, Дін істері басқармасы басшылары, Ардагерлер кеңесінің мүшелері, өнер адамдары, дін жанашырлары, кәсіпкер азаматтар, мешіт жамағаттары мен ақсақалдары құрметті қонақ ретінде қатысты.

Кеш барысында Абай облыстық филормониясы өнерпаздары дәстүрлі ән, күй тартыс, айтыс сынды ұлттық өнер үлгілерімен халықтың рухын сергітіп, көңілдерін көтерді.

Сондай-ақ, кеш қонақтарына Абай облысы мешіттері 2023 жылы атқарған іс-шараларының легі видеоролик түрінде көрсетіліп, белсенді қызмет еткен имамдарға Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының атынан алғыс хаттар табысталды.

Шара соңында «Тазалық – иманның жартысы» деген ұранмен көп жылдар бойы аянбай қызмет етіп келе жатқан мешіт тазалықшыларына Абай облысының бас имамы Асқар Әбітайұлы алғысын білдіріп мен әрқайсысына 100 мың теңгеден сыйақы табыстады.

Кеш қонақтары осы шараны ұйымдастырған Абай облысы өкілдігіне алғыстарын айтып, дініміз бен дәстүріміздің бірге өркендеуіне тілектестіктерін білдірді.