«Әйел- қыздар секторы» көп балалы отбасыларға Төкеш мешітінде ауызашар берді.

ҚМДБ Семей  өңірі бойынша «Әйел- қыздар секторы» ның ұйымдастыруымен  ауызашар берілді. Жайылған ақ дастархан басына көпбалалы отбасылар және  Семей қаласындағы мешіттерде білім алып жүрген әйел жамағаты шақырылып  ауыз ашты.

Берекелі Рамазан дастархан басында қасиетті Құран аяттары оқылып, ұстаздар келген қонақтарға тағылымды уағыздар айтса, сауат ашу курсының шәкірттері тәрбиелік мәні зор  кішігірім көріністер көрсетті. «Төкеш Ыбрайұлы»  мешітінде ұйымдастырылған  ауызашар, дастархан басында жиналған әйел жамағатын  рухани нәрлендіріп , қасиетті Рамазан айының қадірін арттыра түсті. Ақ жаулықты әжелер  елімізге тыныштық, дініміз исламның көркеюіне арнап бата жасады.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.