Алғыс айту күніне орай өткен семинар

Семей қалалық Шәкәрім қажы мешітінде   Рахмет айту  күніне  орай  тамаша  тағылымды  семинар өтті.  Семинарға Семей қалалық мешіт   наиб имамдары қатысты. Семинарды жүргізген Қос мұнаралы орталық мешітінің наиб имамы Елбек Қожамұратов жүргізді.

Елбасы бекіткен күнтізбедегі «ерекше» күн – Рахмет айту күнінің  маңызы мен мәні туралы сөз сөйлеген наиб имамдар әр түрлі ой-пікірлер білдірді. Бұл күннің адамдар арасындағы сүйіспеншілік пен сыйластықты арттыратындығы, бір-біріне мейірімді болуға үгіттейтіндігі айтылды. «Қос мұнаралы орталық мешітінің наиб имамы Елбек Қожамұратов адамдардың бір-біріне рахмет айтып, разылығын білдірудің, яғни рахмет сөзінің түп-төркіні «Саған Алланың рақымы, рахметі  жаусын!» деген  насихатын жеткізумен қатар көпшілікке: «Жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңізді ешкімнен ешқашан аямаңыздар, «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңыздар» – деп, алғысын айтып тілек білдірді. Семинарға қатысқан наиб имамдар да, өздерінің алғыстарын жеткізді.

 

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.