Қасиетті жұма күні Бесқарағай ауданының жаңадан сайланған әкімі Дәулет Бахитұлы мекеме басшыларымен аудандық орталық мешітке келді. Ауданның бас имамы Серікжан Аманұлы келген қонақтарды жылы қарсы алып, мешіттің тыныс тіршілігімен таныстырып, ҚМДБ төрағасы бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазреттің 2018 жылды Ислам және отбасы жылы етіп жариалағанын айтып, осы шара бойынша ауданда бірқатар шаралар өткізуге қолдау көрсетуін сұрап, сыйлық ретінде Діни басқармада шығарылған Ұлы Дала темірқазығы атты кітапты сыйға тартып, Құран оқып жұмысына табыс тілеп дұға жасады.
Бесқарағай орталық мешітінің баспасөз қызметі.