Аягөз жаңалықтары

«Ақниет» мейрамханасындағы қайырымдылық ас.

Талдықорған өңірі мешіттерінің қайырымдылығы түскі ас кезінде Аягөз қаласындағы «Ақниет» мейрамханасында ақ дастарханмен жалғасып, ақпейілмен көңілден терме – жырлар төгіліп, ізгі тілектер жолданды. Астан соң мейрамхана алдында көпшілікке дорбаға салынған күнделікті тұрмысқа қажетті заттар таратылды. Талдықорған өңіріндегі мешіттер қайырымдылығына Аягөз елі алғыстарын білдірді.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі

 

Аягөз қалалық мешітіндегі құптан намазындағы уағыз.

Аягөз қалалық мешітінде Алматы қаласы орталық мешітінің наиб имамы Ермек Көкірекбаев құптан намазында «Қайырымдылық сауапты іс» атты тақырыпта уағыз – насихат айтты. Қасиетті Құран аяттарымен, Пайғамбар хадисінен, бабалар салған сара жол дін аманаттын кейінгі ұрпаққа қайырлы берекемен жеткізуді баяндады. Наиб имамның жүректен шыққан насихатына көпшілік алғысын білдірді.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.