АТТ кездесуі

 Ү.ж. 14 наурызында дін мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру тобының жұмыс жоспарына сәйкес Новопокровка ауылында «Дін саласындағы мемлекеттік саясат, заңнама талаптары туралы» халықпен кездесу өткізілді. Кездесуге аудандық түсіндіру тобының мүшелерінен ішкі саясат бөлімінің басшысы С.Г.Гальченко, М.М.Жайдарбеков, ауылдық топтан ауылдық округтің әкімі И.Ю.Бельская, мешіт имамы Т.Гиззатов қатысты. Күн тәртібіндегі сұрақ бойынша С.Г.Гальченко халыққа дәріс оқып, мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын түсіндіре өтіп, деструктивті діни ағымның жолын ұстанушылардың ғаламтор, әлеуметтік желі арқылы үгіт насихат жүргізетіндігін тілге тиек етіп, ата-аналарды жастардың интернет желісіндегі іс-әрекетін қадағалауға шақырды.

Дін саласындағы заңнама талаптарымен таныстырған М.М.Жайдарбеков, әкімішілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соқтыратын іс-әрекеттер туралы ескертті.

Өз кезегінде ауылдық мешіттің имамы Т.Гиззатов ҚМДБ бекіткен «2018 жыл – Ислам және отбасы жылы» турасында қысқаша тоқталып өтті.

Кездесу барсында қатысушыларға «Деструктивті діни ұйымдардан сақтаныңыз!» тақырыбында парақшалар таратылды.

Дін мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру тобы.