Аягөз қаласындағы мектеп – гимназиясында 10 – шы класс оқушыларымен «Алғыс айту» күнінде кездесу өтті. Аудандық ішкі саясат бөлімі маманы және орталық мешіт имамдары кездесуге қатысты. Мектеп ұстаздары бейнеролик көрсетумен қатар, бұл мерекенің аталып өтілуі жайлы мағлұматтар беріп, келген қонақтарды таныстырып өтті. Бас имам Думан қажы Нәдірұлы ұстаздармен оқушыларды алғыс айту күнімен құттықтап, ата – ананы, ұстаздарды құрметтеу жайлы баяндап, дінімізбен дәстүріміздің құндылықтарын айтты, оқушылардың қойған сауалдарына тұщымды жауап берді.
Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.