Аягөз қалалық мешіті жанынан құрылған жастар бөлімі мүшелерімен «Шайхан қари» атындағы діни сауат ашу орталығында жастардың кезекті жиыны өтті. Аудан имамы Думан Нәдірұлы осы жиынға қатысып отырған қонақты таныстырып өтті. Өскемен қаласынан арнайы келген теолог, доктор Серік Тәжібаев жастарға жат ағымнан сақтану мәселелері жайлы баяндап, ақида жайлы дәріс жүргізді. Жастар бөлімі мүшелері өздерін толғандырып жүрген сұрақтарға тұщымды жауаптар алды.
Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.