Аягөз қаласына қызыл судан зардап шеккендерге оңтүстік өңірі Шымкент мешіттерінен қайырымдылық керуені келді. Шымкент өкілділігінен орталық мешіттің наиб имамы Полатов Еркін оңтүстік елі жамағатының сәлемін жеткізді. Жүк көлігімен әкелінген азық – түлік, күнделікті тұрмысқа қажетті көрпелер т.б заттар, барлық қажетті дүниелер қоймадан зардап шеккендерге таратылып беретін болады.
Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі