ИМАМДАРҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

Бүгін “Абай Құнанбайұлы” орталық мешітінде имамдарға арналған “ҚМДБ Ғұламалар кеңесінде қабылданған пәтуаларға түсіндірме” атты семинар ұйымдастырылды. Қала мешіттерінің имамдары жиналған семинарды ҚМДБ Төрағасының орынбасары, “Шариғат және пәтуа” бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы өткізді.

Семинар барысында пәтуалармен қатар имамның діни сауаттылыққа жіті көңіл бөлуі, сенім беріктігі, көркем мінезділікті кеңінен насихаттау, имамның тұлғалық бейнесін қалыптастыру  және тағы да басқа тақырыптар қозғалды.