ҰСТАЗ РИЗАБЕК БАТТАЛҰЛЫ АБАЙ ЕЛІНДЕ

Абай еліне арнайы іс-сапармен келген исламтанушы-ғалым, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің ұстазы Ризабек Батталұлы мешіт жамағатымен кездесті.

Бүгін «Абай Құнанбайұы» орталық мешітінде бесін намазының уағызын жүргізген Ризабек ұстаз жиналған жамағатқа адамгершілік, ар-абырой, діни сауаттылық, ұлттық құндылықтарға құрмет тақырыптарында уағыз-насихатын жүргізді.