Қағба – жай ғана тастан қаланған ғимарат емес, жер бетіндегі ең алғаш салынған мешіт. Сондықтан да қажылық мұсылмандар үшін үлкен маңызға ие құлшылық түрі болып табылады.
Мекке жеріне қажылыққа бару – Ислам дініндегі бес парыздың бірі. Қажылық парызын орындау үшін мұсылманның физикалық әрі қаржылай мүмкіндігі шектеулі болмауы тиіс. Алайда рухани дайындық бірінші орында болуы керек. Қажылық уақытында адам баласы Жаратушыға бір табан жақын болу мүмкіндігіне ие болады. Бұл кез Жаратқаннан кешірім сұрап, жүрегі мен жан дүниесін тазартудың таптырмас мезгілі.
Әз пайғамбар ﷺ 571 дүниеге келіп, 632 жылы өмірден озған. Ол кезде 63 жаста болатын. Өмірінің 53 жылын Меккеде, ал 10 жылын Мәдинада өткізген.
Мәдина қаласын зиярат ету үлкен қажылықтың, сондай-ақ кіші қажылықтың да шарты болып табылмайды. Алайда, сонау ұзақ жерден келетін қажылар әз елшінің ﷺ табаны тиген, өмір сүрген жерлерде болуға құлшыныс танытады.
Сонымен қатар, пайғамбар мешітінде оқылған намаздың сауабының да үлкендігін айтa кеткен жөн. Қажылардың Мәдина қаласында болуының да мәні осы жерде жатыр.
Алла елшісі ﷺ:
Қағбаны жеті рет айналып, тауап жасау – Жаратушыны жалғыз деп танудың белгісі. Тауап жасау күллі мұсылмандардың ауызбіршілігін, бірлігін сақтауға ұмтылуды білдіреді.
Бұл жердегі «7» саны символдық рөл атқарады, себебі жеті қат көк, нәпсінің жеті дәрежесі деген ұғымдар мұсылмандар үшін жат емес. Әрбір айналым нәпсінің жеті түрлі дәрежесін, яғни төменнен жоғарыға қарай ауысуын білдіреді. Ол ауысудың өзіне тән атауы бар: «аммар» нәпсісінен «мутмаинн» нәпсісіне ауысу делінеді.
Алла Тағала қасиетті Құранда:
Ардақты пайғамбарымыз бір хадисінде: «Қағбаны тауап ету – өз алдына құлшылық. Расында Алла Тағала тауап жасап жатқанда сөйлеуге рұқсат еткен. Егер сол сәтте сөйлер болсаңдар, тек жақсы сөз айтыңдар»,– деген.
Бұл хадистен тауап жасаудың намаздай қадірі мен қасиеті бар құлшылық екенін аңғарамыз. Міндетті болған тауап – парыз етілген намаз болса, ал қосымша жасалатын тауап – нәпіл намаз секілді.
Мұсылман адам үшін намаз артық па, әлде тауап па? деген сұраққа Абдулла ибн Аббас:
Саид бин Жубейр де осы көзқарасты ұстанған.
Айша анамыздан жеткен риуаяттарға сәйкес, әз елші ﷺ: