Аягөз қалалық мешінің жамағатына қашықтығы 16 шақырымнан тұратын велокросс ұйымдастырылды. Шара соңы табиғат аясындағы түрлі спорттық шаралармен өз жалғасын тапты. Дастархан жайылып, мешіт имамдары береке мен бірлік, мұсылман үшін денсаулықтың аманаты жайында насихаттар айтты. Қатысушы көпшілік алдағы уақытта да осындай шаралар өз жалғасын тапса деген ізгі ниеттерін білдірді.
Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі