Тазалық асыл дініміз Исламдағы басты шарттардың бірі ретінде қарастырылған. Алла елшісі ﷺ: «Дін – бұл тазалық», – деп өз үмметіне айтып кеткен. Қасиетті Құран Кәрімдегі «Мүддәссир» сүресінің 1-5- аяттарында Алла Тағала пайғамбарымызға ﷺ:
Демек, тазалық ол дініміздегі ең басты шарттың бірі.
Және де сол сүренің 4-5- аяттарында:
Яғни, адамның сыртқы тазалығы қоғам мен ортаға ерекше әсер ететіндігін осыдан байқауға болады.
Сонымен қатар, тарихи баяндарда пайғамбарымыз ﷺ тамақтанар алдында және кейін мұқият қол жуатын және өзгелерге де:
«Тамақтың берекеті – тамақтанудың алдында және кейін қол жууда» деп ескертетін. (Бухари, Уду, 26)
Алла елшісі ﷺ таңертең жуыну тұрғысында:
Пайғамбарымыз ﷺ бірде әзіреті Әлиге де: «Уа, Әли! Өсіп кеткен тырнақтарыңды қысқарт. Ішінде зиянды нәрселер жүреді»,-деп ескерткен деседі. (Дәйләми, Фирдаус, 3/205, Дарул-кутубул-илмия, Бәйрут, 1986)
Демек, Алла елшісі ﷺ сол заманның өзінде зиянды дүниелер, ластықтықтың адам денсаулығына ерекше әсер ететіндігін байқауға болады.
Пайғамбарымыз ﷺ қай күні көрсең де киім-кешегіне қылшық жуытпайтын ерекше кірпияз, таза болғандығы хадистер мен өсиеттерде айтылады. Алла Тағалаға құлшылық жасауда, намаз оқуда таза киінудің маңыздылығын ерекше айтып өткен. Алла елшісі ﷺ: «Ақ киім киіңіздер. Ақ түсті киім әдемі көрінеді, тазалық тұрғысынан да ыңғайлы. Мәйітті ақ түсті матамен кебіндеңіздер»,-деп ақ түс тазалықтың белгісі екендігін айтқан.
Ортаны ластамау туралы Алла елшісі ﷺ: «Абайлаңыздар, қарғысқа ұшырағандардан болмаңыздар»,-деп еді.
Сахабалары қарғысқа ұшырағандардың кімдер екенін сұрағанда пайғамбарымыз ﷺ: «Ел жүретін жолға, ел көлеңкелейтін ағаштың түбіне, өзен-көлдің жағасына дәрет сындырып ластағандар»,-деп айналаны таза ұстауды бұйырған деседі. (Мүслим, тахарат, 68)
Тағы бір хадисте пайғамбарымыз ﷺ:
Сондықтан, сыртқы тазалығымыз бен айналаның тазалығына мән беру мұсылмандық борышымыз болып табылады.