Аягөз ауданына қарасты Ақши ауылында Әз Пайғамбарымыз (с.ғ.с) құрметіне Мәуліт мерекесі аталып өтті. Ауыл әкімі Бекжан Нұрекеұлы жылда аталып өтетін, Мәулітті сағына күтетін жамағатты мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Мешіт шәкірттері Пайғамбарға салауат айтып, көріністермен діни әуендерді орындап, көпшіліктің ризалығына бөленді. Мереке соңы ақдастархан басында жалғасып, ауыл ақсақалдары ел – жұрт амандығын тілеп бата берді.
Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.