Аягөз қаласындағы Мәуліт мерекесі

Аягөз қаласында «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» мәдениет үйінде Мәуліт мерекесінің шымылдығы әуезді азанмен ашылып, мешіт ұстаздарымен шәкірттердің салауат айтуымен басталды. Аудан әкімінің орынбасары Болат Серікқазыұлы мырза мерекемен құттықтап, жүрек жарды лебізін білдірді. Мәдениет үйінің әртістері дайындаған «Пайғамбар бейнесі» атты көрініс, «Қабірден хат» монологы, әуезді діни ән көпшілік көңілінен шықты. Жергілікті ақын Қазбек Байжұманов Мәулітке арнау айтып, Зайсаңдық ақын Еркебұлан Серікұлы домбырамен мәуліт жырын оқыды. «Шөлге түскен нұрдың сәулелері» және Асыл арнаның «Қазақстан мешіттері» Аягөз мешіті атты бейнеролигі көрсетілді. Мәуліт соңында Семей және Талдықорған өкілдері, сонымен бірге көрші Үржар, Зайсан аудан имамдары  Аягөз  аудан имамы Думан Нәдірұлының «Көркем мінез» атты кітабының тұсауын кесті.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі