Сауат ашу курсы үш айлық емтихан тапсырды

ҚМДБ – ның  Семей аймағы бойынша «Әйел қыздар секторы» шариғат пен дүниені ұштастыра отырып     мешіт жанынандағы діни  сауат ашу курстарында білім алып жүрген  шәкірттерге  үш айлық  емтихан өткізді.

Дана халқымыз «Алтын алма, білім ал», «Білім инемен құдық қазғандай» дейді. Ал оның ішінде діни білім яғни ақыреттік білім екі дүние бақытына жеткізетін жол екені хадистерде айтылған.  «Қос мұнаралы» орталық мешіті және «Тыныбай» қалалық мешітіндегі  қыздар сауат ашу курсы 3 айлық оқудың қорытындысын жасады.

Сауат ашу курстарында  бойжеткен қыздар ,аяулы  аналар және ақ жаулықты әжелер  болып бір шаңырақ астында бір отбасындай сауатын ашқан әйел жамағаты 30-шы пара және 22 сүре бойынша  сынақ емтиханын тапсырды. Емтиханды сауат ашу курсының  ұстаздары қабылдады. Сынақ кезек бойынша екі күнге созылды.

 

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.