Аягөз қаласындағы Ораза айт мерекесі.

Аягөз қалалық мешітіне Ораза айт мейрамына таңбозынан ағылған көпшілік, мешіттің бас имамы Думан қажы Нәдірұлының уағыз – насихатын тыңдап, айт намазын оқыды. Сонымен қатар аудан әкімшілігі атынан мәслихат хатшысы Сейілбек Әбиұрұлы жиылған көпшілікті мерекемен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Намаздан соң мешіт ауласына жастар бөлімі мұрындық болуымен, арқан тартыс, гір тасын көтеру, қой көтеру секілді ұлттық ойындар ойнатылып, үздіктерге марапат қағаздары табыс етілді.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.