Өскемендік имамдар Елбасы мақаласын талқылады (ФОТО)

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігінің ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңарту» атты мақаласын талқылау болып өтті. Іс-шара Шығыс Қазақстан облыстық Пушкин атындағы кітапхананың «Елбасы атындағы оқу залында» ұйымдастырылды.

Жиынға облыстық «Халифа Алтай» мешітінің имамдары мен Өскемен қалалық мешіттердің имамдары қатысты.

«Ұлттық код: салт-дәстүріміз ұлттың басты рухани құндылығы екендігін Елбасы айырықша атап өтті. Қазіргідей кері ағымдармен күресте ұлтымыздың рухани құндылығын насихаттаудың, оны түлетудің орны ерекше екендігі белгілі. Сонымен қатар, Елбасы ұлтымыздың сан ғасырлық жазу мәдениетіне де тоқталды. Халқымыз бір кездері араб алфавитін пайдаланған. Мұнда ислам тарихының да өзіндік орны бар. Біз Елбасының рухани жаңғыруға бағытталған ойын жан-жақты қолдап, айырықша ықыласпен насихаттаймыз», – деп атап өтті өкіл имам Ермек қажы Қасболатұлы шараның ашылуында сөйлеген сөзінде.

Ол сонымен қатар, алдағы уақытта осы мақаланың өңірде кең ауқымда насихатталатындығын айтып өтті.

Іс-шарада Шығыс Қазақстан облыстық Дін істері басқармасының басшысы Бейбіт Әшімов қатысып сөз сөйлеп, ұлттық құндылықтарды насихаттаудағы имамдардың рөлі  туралы өз ойларын ортаға салды.

 

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітнің баспасөз қызметі