«ЛЕҢГЕР БАЛМҰЗДАҒЫ» ХАЛАЛ СЕРТИФИКАТЫН АЛДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Халал Даму» ЖШС елімізге «ЛЕҢГЕР БАЛМҰЗДАҒЫ» атауымен танылған балмұздақ өнімдерін «Халал өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандарты бойынша сертификаттады.

Өңірлік жауапты өкіл Сарыбаев Қазыбек мырзаның басшылығымен аталған кәсіпорында тексеріс жұмыстары жүргізіліп, күмәнді деп танылған өнімдер мен тағамдық қоспалар лабораториялық зертханаға жіберілді. Барлық қызметкерлердің жұмыс жасау барысы, санитарлық тазалық шарттарын сақтауы, шариғат талаптарына сай емес өнімдерді қолданбауы, мекемеге шикізат өнімдерін тасымалдаушы кәсіпорындардың құжаттары, техникалық құрал-жабдықтардың стандарт талаптарына сай жабдықталуы, қаптамалардың адам денсаулығына зиянды болмауы секілді өнім өндіруден бастап тасымалдап сатуға дейінгі барлық процесс тексерілді.

Нәтежиесінде «Леңгер балмұздақтарының» «ҚМДБ халал» стандарт талаптарына сай екендігі анықталды. Эксперт-технолог және шариғи кеңесші мамандардың қорытынды актісінен кейін «ҚМДБ халал» сертификаты табысталды.

Еліміздің барлық өңірлерінің дүкен сөрелерінде сатылатын «Леңгер балмұздақтары» 1988 жылы А.Н.Турдиевтің бастамасымен небәрі сегіз адамнан құралған топпен өз жұмысын бастайды.

Алғашында «Лакомка» және «Шоколадты Пломбир» деп аталатын балмұздақтың екі ғана түрін өндірумен айналысқан компанияда қазіргі таңда 173 түрлі балмұздақ түрлерін өндіреді.

«Балмұздақ» ЖШС мекен-жайы: Түркістан облысы, Төле би ауданы, Первомайский ауыл округы, Бірінші Мамыр ауылы, Саттар Ерубаев көшесі 7.