ҚМДБ Семей аймағының «Зекет қоры» және Қос мұнаралы орталық мешітімен бірлесе «Рамазан берекеті» қайырымдылық акциясының аясында көпбалалы тұрмысы төмен отбасыларға қайырымдылық жасады. Сондай шараның бірі – Қос мұнаралы орталық мешітте тізімде тұрған 100 дей отбасыларға көмек ретінде, азық-түлік және қаржылай көмек берілді. Шарапаты мол Рамазан айында қайырымдылық жасап, бауырыңа қол ұшын созу үлкен сауапты іс.
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.