Аудан  әкімі ауызашар берді.

     Қасиетті Рамазан айында Алла разылығы үшін  ораза ұстаушы аудан тұрғындарына Бесқарағай ауданының әкімі Даулет Бақытұлы«Томирис» кафесінде ауызашар берді. Бұл сауабы еселеніп берілетін игі шараға ораза тұтқан мекеме басшылары, округ әкімдері ауыл ақсақалдары, ақжаулықты апалар, ауыл молдалары, ауданға  қарасты мешіттерден келген   жамағаттар,  әлеуметтік жағдайы төмен және көп балалы отбасылар қатысты. Дастархан басына жиналған қауымға  аудан әкімі қасиетті Рамазан айында ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын, бұл ай қасиетті ай, береке бірлігімізді нығайтатын ерекше ай екенін айтып, әр шаңыраққа  құт-береке амандық тілеп ізгі ниетін айтты.. Келесі сөзді аудан имамы Серікжан Аманұлы алып, барша мұсылман қауымы қадір тұтатын, қасиетті Рамазан айында  аудан  жұртшылығына  құрмет көрсетіп сауабы мол іс-шараны  Алла ризашылығы үшін ұйымдастырып отырған аудан басшысына   шынайы ризашылығын білдіріп, Рамазан айының қасиеті туралы  тағлымы мол уағыз айтты.Жиналған жамағат арасынан  ақ сақалды аталар,ақ жаулықты апалар сөз алып осындай  сауапты істі өткізіп, құрмет көрсетіп, тәрбиелік мәні зор шараны ұйымдастырып отырған аудан басшысына,имамына ризашылықтарын  білдірді. Шара барысында аудандық мәдениет үйінің әншілерінің орындауында діни әуендер орындалды. Жиын соңында о дүниелік болған  ата-баба рухына құран бағышталып, бата жасалды.

 

Бесқарағай орталық мешітінің баспасөз қызметі.