Бас мүфти Серікбай қажы Ораз «Нұр Астана» мешітінде тарауық намазына қатысып, жиналған жамағатқа уағыз айтты, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы Нұр-Сұлтан қаласындағы «Нұр Астана» мешітінде таруық намазына қатысты. Тарауық намазының алдында жиналған жамағатты Рамазан айымен құттықтай отырып, «Әнғам» сүресінің мазмұны турасында уағыз айтқан мүфти хазірет басқа дін өкілдеріне тіл тигізбеу жайында өзінің өзекжарды ойларымен бөлісті.
Осылайша, қасиетті айдың құлшылығын елордалық жамағатпен бірге өтеген мүфти хазірет тарауық намазының соңында еліміздің тыныштығы, тәуелсіздігіміздің баяндылығы мен халқымыздың береке-бірлігі үшін дұға жасады.