«Рамазан мол мүмкіндік айы» атты тақырыбында өткен іс шара

Рамазан айы әрбір мұсылманның сағынып қуана қарсалатын ай. Бес парыздың бірі саналатын ораза парыз болған ай. Рамазан айына аман есен жеткен әрбір мұсылман , бұл айдың қадір-қасиетін жіті түсініп, құлшылық-ғибадатының қалай орындалуы керектігін білуі керек екені аят хадистерде көп айтылған.

Осы мақсатта  ҚМДБ Семей өңірі «Әйел- қыздар секторы» ның ұйымдастыруымен Орталық және Тыныбай мешітінде  білім алып жүрген шәкірттерге  «Рамазан мол мүмкіндік айы» атты тақырыбында іс  шара  өтті. Шара барысында сектор меңгерішусі Тұрлықожанова Динара Рамазан айының қадір қасиеті , оразада ниеттің маңыздылығы тағы маңызды болған тақырыптар турасында айтылды.

 

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.