«Менің сүйікті мешітім» атты сурет байқауы

Аягөз ауданына қарасты «Сарыарқа» ауылдық мешітінде қасиетті ай құрметіне «Менің сүйікті мешітім» атты оқушылар арасында сурет байқауы өтті. Ауылдың молдасы Жомарт Жұмағазы оқушыларға байқаудың тәртібін түсіндіріп, сәттілік тіледі. Әділ қазылар үздіктерді марапаттап, оқушылар ата – аналарымен мешіт ауласында естелікке суретке түсті.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі