СЕМЕЙДЕ ТАРАУИХ НАМАЗЫ

Қасиетті Рамазан айының келуіне байланысты барлық мешіттерде құран-хатым түсіріледі. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен Түркия діни істер басқармасының арасындағы келісім-шарт бойынша Қасиетті Рамазан айында  Семей қалалық Қос мұнаралы орталық мешітіне қари келді. Құранды басынан аяғына дейін жатқа білетін Қадир Ешил Семейліктер үшін тарауих намазына қатысып, көпшілікті құран нәрімен сусындатпақ. Рамазан айының қадір-қасиетін арттыратын тарауих намазының  осындай қарилардың қатысуымен өтуі нұр үстіне нұр болып отыр, -дейді Семей аймағының өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлы. Биылғы Рамазанда Аллаға шүкір Семей қаласы бойынша ораза  ұстаушылар қатары көп. Оразашылардың басым бөлігі жастар. Олардың күннің ыстығына қарамай, ауыздарын бекітуі – қуанарлық жағдай. Ал, біз өз тарапымыздан мешіт жамағатына күн сайын ауызашар жасап, жоқ-жітікке қол ұшын созып, қайырымдылық  жасауды мақсат етіп отырмыз, -дейді Семей аймағының өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлы.

Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.