Семей аймағының өкіл имамы Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысының жүлдегері Болатханова  Динараны қабылдады

      Павлодар облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен  «Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай қара өлеңдерінен жарыс өткен болатын. Абай – Ислам дінінің уағыздаушысы. Оның өлеңдерінде имандылық тұнып тұр. Ақынның әр туындысы Ислам дінінің ізгіліктерімен астасып жатыр. Осы іс шараға Семей қалалық  «Қосмұнарлы» орталық мешітінің атынан келген Динара Болатханова бірінші орынды иеленген болатын.  ҚМДБ – ның Семей аймағы бойынша өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлы  Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысының жүлдегері Болатханова  Динараны қабылдап, ата – анасына алғыс білдіріп, анасына құранды сыйға тартты. Динараға бағалы сыйлық тарту етті.

 Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.