ҚМДБ Семей өңірі бойынша «Әйел – қыздар секторы» – ның ұйымдастыруымен Тыныбай қалалық мешітте қыз – келіншектерге арналған «Өзгеруді өзіңнен баста» тақырыбында семинар тренинг өтті. Семинарды педагог тренер Гүлмира Екпінтайқызы жүргізді. Қасиетті Құран Кәрімнің «Рағыд» сүресінің 11-аятында «Қайсы бір қауым өзін-өзі өзгертпейінше Алла оны өзгертпейді», деп айтылған. Отбасында болсын, қоғамда болсын ең алдымен әрбір адам өзгеруді өзінен бастауы керек. Семинар барысында қатысушылар сұрақ қойып, пайдалы кеңестер алып алып қайтты.
Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.