Рухани келісім – берекенің кепілі

Аягөз қалалық мешіті жанындағы «Шайхан қари» атындағы діни сауат ашу орталығында  «Рухани келісім – берекенің кепілі» атты семинар өтті.  Аягөз қалалық дін мәселелерін зертеу орталығы  бөлімінің сектор маманы Гүлсара Оспанова және мешіт ұстазы Әсел Есімбаева семинарда рухани келісімнің қоғамдағы, дініміздегі ролі жайлы баяндады. Семинарға қатысқан Бақытжан апай «Исламдағы әйелдің орыны» жайлы насихат айтып, семинар соңы ақжаулықты аналардың ақдастархан басында сұхбатымен жалғасты.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.