ҚМДБ Семей өңірі «Қос мұнаралы» орталық мешіт жанындағы «Әжелер мектебі» «Әйел –қыздар секторы» ның ұйытқы болуыменен мәуліт айына арнап дастарқан жайды. Ардақты Пайғамбарымыздың адамдарға, қоршаған ортаға да мейірімді болғанын білеміз. Осындай сүннетті жасау ниетімен, қиындықтарына демеу көрсетіп, жүректеріне жылулық сыйлау мақсатында екі дүние сәруарына арналған шараның басты қонақтары, көп балалы мұқтаж отбасылары мен мүмкіндігі шектеулі балаларды қарап отырған отбасы мүшелері болды.
Арнайы іс-шараға қатысқан «Қос мұнаралы» орталық мешіт наиб имамы Ерлан Досымұлы «Қайырымдылыққа, алушы адамға қарағанда, беруші адам мұқтаж. Ізгі амалдар,қайырымды істер олар мәңгі сауапты амалдар»,деді. Шара барысында имандылық, қайырымдылық сипаттарының артықшылығы насихатталып, іс жүзінде де жасалды. Шара әжелеріміздің бата – тілектерін білдіруіменен жалғасты. Әжелеріміз шараға келген мұқтаж отбасыларына азық түлік қаражатпен көмек беріп жылы лебіздерін білдірді.
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.